Таразда полицияға арызданған әйел адвокатының алдап кеткенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Әйелдің айтуынша, ол өзінің танысына қатысты жүріп жатқан қылмыстық іске көмек көрсету үшін заңды өкіл ретінде адвокат жалдаған. Адвокат көрсеткен қызметі үшін 500 000 теңге көлемінде аванстық төлемді, бірнеше күннен кейін тағы 100 000 теңге сұраған. Әйел оған барлық соманы жібергеннен кейін жалған адвокат жоқ боп кеткен.
Қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтады.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.