Таразда «Түйте» каналының бойы абаттандырылуда

8 Қараша 2024, 08:12
265
Бөлісу:
Таразда «Түйте» каналының бойы абаттандырылуда
Фото: Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығы

Тараз қаласы аумағындағы 6 ирригациялық және 2 дренаж каналын механикалық тазалауға қала бюджетінен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар қолға алынды. Қазір «Түйте» каналында жұмыстар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айталық, қазір «Сенім Құрылыс Сервис» ЖШС мердігерлігімен «Түйте» каналының, атап айтқанда, «Ұлы Дала» шағын ауданы мен «Бурыл» алқабы ортасындағы бір бөлігіне абаттандыру жұмыстары жүруде. Каналдың абаттандырылатын бөлігі 1738 метрді құрайды, - деп жазды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ескеретін жайт, нысан келесі жылға өтпелі.

Өзгелердің жаңалығы