Таразда тұрғын үйлерге жылу беру 15 қазанда басталады

9 Қазан 2024, 03:45
487
Бөлісу:
Таразда тұрғын үйлерге жылу беру 15 қазанда басталады
Фото: baq.kz

Таразда 7 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу берілді. Ал жалпы қала бойынша жылыту маусымы 15 қазаннан басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыту маусымына байланысты өткен штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы шаһардағы жылу жүйесіне қосылған 1 345 көппәтерлі тұрғын үйлер де толығымен жылыту маусымына дайын екендігін айтты.

Тараз қаласы бойынша бүгінде 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорын бар. Орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы 1730 нысан жылумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шаһардағы жылу жүйесіне қосылған 1 345 көппәтерлі тұрғын үйлерлер де толығымен жылыту маусымына дайын. Сонымен қатар денсаулық сақтау нысандары бойынша әзірлік паспорттары жинақталып, тиісті дайындық жұмыстары жүргізілді. Білім беру мекемелері бойынша да әзірлік паспорттары алынып, 2 нысанның жапсарлас құрылыс және жылыту жүйесіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жылу беруші кәсіпорындар газ жеткізу қызметі бойынша «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының Жамбыл өндірістік филиалымен келісім-шарт жасаған. Бұған қоса кәсіпорындарда резервтік отын қоры ретінде 1815 тонна көмір, 13 279,6 тонна мазут қоры дайындалған, – деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы.

Ескеретін жайт, жалпы жылыту маусымы ауа райын назарға ала отырып, бес күн мерзім аралығында сегіз градус немесе одан төмен болатын болса, тиісті заңнамаға (ҚР Құрылыс нормасы 02.04.2021-2004 ) байланысты басталады.

Өзгелердің жаңалығы