Таразда тұрғын үй өртеніп, 4 адамды эвакуациялады

Таразда құтқарушылар тұрғын үйдегі өрт кезінде 4 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ телеграм каналы 1 Қазан 2025 2025, 23:49
1 Қазан 2025 2025, 23:49
541
Фото: ТЖМ телеграм каналы

Таразда құтқарушылар тұрғын үйдегі өрт кезінде 4 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласындағы бір қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бір пәтердің шатырында 25 шаршы метр аумақта өрттің болғаны анықталған.

ТЖМ күшімен пәтерден 4 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минут ішінде сөндіріп, оның ары қарай таралуына жол бермеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Наверх