ЖБО бейнебақылау жүйелері той кортежіндегі Tоyota Prado 150 және Audi автокөліктерін түсіріп алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Автокөлік иелері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 606-бабы, 599-бабының 1-бөлігі, 596-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар кортеж құрамында болған тағы 10 автокөлік иесі анықталды.
Lexus, Nissan автокөліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабымен, Land Rover, Hyundai, Priora, Hyundai автокөліктерінің жүргізушілеріне 590-бабымен, Nissan автокөлігінің иесіне 593-бабы 2-тармағымен жауапкершілікке тартылды.
Барлық көлік айыптұраққа қойылды. Тәртіп бұзушыларға 313 635 теңге айыппұл салынды.