Тараз қаласында Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүзеге асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бес аптаға созылған республикалық экологиялық акция аясында Таразда тазалық жұмыстарын жүргізу, тал балақтау, аула, ескерткіш маңдарын абаттандыру бағытында жалпы 153 іс-шара ұйымдастырылып, оған 17 151 тұрғын қатысты.
Атап айтқанда, «Таза өлке» апталығы аясында көпқабатты үйлердің аулаларына, қала көшелеріне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 2 175 (ясинь – 1423, қарағаш – 183, шырша – 46, сирень – 111, ақ қайың – 28, акация – 10, павления – 13, туя – 88, можжевельник – 132, мальва – 62, қарағай – 79) ағаш көшеттері отырғызылды.
«Киелі мекен» апталығы аясында тарихи мәдени ескерткіштердің маңын абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 5 146 ағаш(қарағаш – 5 000, ясинь – 30, туя-10, мальва-64, қарағай-15, шырша-17, қарағаш – 10) көшеттері мен 500 раушан гүл отырғызылды.
«Жасыл аймақ» апталығында скверлерде, қала көшелеріне, саябақтар мен шалғай аумақтарға 2 453 ағаш(шырша – 60, ясинь – 140, қарағаш – 2100, мальва – 230, туя – 30, жеміс ағаштары – 100) көшеттері отырғызылды.
«Өнегелі ұрпақ» апталығында қаланың белсенді жастары, «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерлері ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарттар үйіне санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш бұтау, сырлау жұмыстарын жасады. Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдерімен TEDx форматта еркін сұхбаттасу ұйымдастырылды.
«Мөлдір бұлақ» апталығында су қоймаларының айналасы, өзен-көлдерді күл-қоқыстан, жабайы шөптерден тазалау жұмыстары жүргізілді.
«Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» аясында Тараз қаласы аумағында 3 435 дана тал кесілді, 32 шақырымды құрайтын арықтар тазаланды,18 865 тонна қоқыс шығарылды.
Осы акция негізінде қала аумағында «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1, 2», «Төрегелді» каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ осы күні «Ұлы дала» ықшам ауданында «Біздің аула» атты тұрғындардың қатысуымен ағаш отырғызу, тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. «Әулие бұлақ» каналының бойында волонтерлар тазалық жұмыстары өткізіп, «Үздік волонтер» анықталды.
Жалпы тазалық – баршаның игілігі. Таза қала – Таразға қамқорлық жасау – әрбір тұрғынның міндеті, - деп жазды әкімдік.