Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза өлке» апталығы іске қосылды

14 Сәуір 2024, 05:50
588
Бөлісу:
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза өлке» апталығы іске қосылды
Фото: Тараз қаласы әкімдігі

Тазалық – қала көркі, қоғам айнасы. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты 5 апталық республикалық экологиялық акциясы аясында Таразда 11 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза өлке» іс-шарасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар қала әкімінің қаулысымен санитарлық-тазалықтың екі айлығы басталған болатын. Айлық аясында облыс орталығында апта сайын сенбілік ұйымдастырылып келеді.

Бүгін Тараз қаласында «Таза өлке» акциясы аясында үй, мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық акциясы қаладағы 11 аумақтық округтің барлығында өтті.
11 аумақтық округ бойынша бас инспекторлардың үйлестіруімен өткен сенбілікке 22 дана арнайы көлік жұмылдырылды.

Сондай-ақ осы күні «Ақбұлақ» аумағында орналасқан бей-берекет сауда орындарына 3 ескерту хаттамасы толтырылды
Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Лермонтов, Әл-Фараби, Б.Момышұлы, Саңырақ батыр көшелерінде орналасқан аялдамаларға ретсіз жабыстырылған жарнамалар мен қоқыс жәшіктері тазаланды.

Осы күні қала аумағындағы саябақтарға, белгіленген нысандар ауласына гүл отырғызылып, тал егілді.

Өзгелердің жаңалығы