Таразда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инватакси жұмыс істейді

Жалпы қалада Президент сайлауына келу үшін ерекше жағдайды қажет ететін 767 адам бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 18 Қараша 2022 2022, 04:45
18 Қараша 2022 2022, 04:45
1489

Жалпы қалада Президент сайлауына келу үшін ерекше жағдайды қажет ететін 767 адам бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылғандар, көзі нашар көретіндер, есту қабілеті нашар азаматтар бар.

Осы санаттағы азаматтарға сайлау күні 4 инватакси қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар сайлау күні есту қабілеті нашар сайлаушыларға дауыс беруге қатысатын сайлау учаскелерінде 14 сурдоаудармашы онлайн қызмет көрсетеді, - деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен.

Наверх