Таразда 10-23 ақпан аралығында облыс аумағында «Есептетұрған тұлғалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған шараның алғашқы күні Тараз қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлерімен, Тараз қалалық №1 пробация қызметінің инспекторларының үйлесімді (бірлескен) жұмысының нәтижесінде 2024 жылдың қазан айынан бастап, пробациялық бақылаудан жалтарған сотталған «Б» құрықталды.
Бұған дейін сотталған «Б»-ға пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін, Тараз қаласы, №2 сотының қаулысымен іздеу жарияланған, бұлтартпау шарасы ретінде «күзетпен ұстау» тағайындалған, – деп жазылған хабарламада.