Таразда ТЖМ құтқарушылары өрттен 15 газ баллонды алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қаладағы пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт басталған. От 15 шаршы метр алаңды шарпыды.
Өрт сөндірушілер жедел түрде оқиға орнына жетіп, 100 литрлік 15 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, өрттің таралуына жол бермей, толығымен сөндірді.
Өрт салдарынан жану өнімдерімен уланған 1972 жылы туған ер адамға Апатттар медицина орталығының мамандары көмек көрсетті, - деп атап өтті ведомстводан.
Зардап шегушінің ауруханаға жатудан бас тартқаны айтылды.