Таразда отбасылық жанжалдан соң ер адам әйеліне жанармай құйып жағып жіберген

31 Шілде 2024, 22:40
692
Бөлісу:
Таразда отбасылық жанжалдан соң ер адам әйеліне жанармай құйып жағып жіберген
Фото: скрин

Таразда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің үстіне жанармай құйып жағып жіберген. Денесін түгел күйік шалған әйел – алты баланың анасы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денесінің 98 пайызын күйік шалған әйел жансақтау бөілімінде қайтыс болған. Отбасылық ұрыс-керіс соңындағы жағдай кеше түнгі 11-лер шамасында қаладағы жер үйлердің бірінде орын алған. Баспанасы да отқа оранған.

Ал, ата-анасы мен баспанасынан айрылған балалардың ең кішісі үште, үлкені 22 жаста екен.

Денесін күйік шалған әйел ауруханада қайтыс болды. Күдікті оқиға орнынан жақын маңнан өлі күйінде табылды. Алдын ала болжам бойынша ол өз өзіне қол жұмсаған. Аталған деректерге қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды, - деді облыстық ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Өзгелердің жаңалығы