Таразда өртенген тұрғын үйден 32 адам эвакуацияланды

27 Желтоқсан 2022, 19:21
712
Бөлісу:
Таразда өртенген тұрғын үйден 32 адам эвакуацияланды

Түнде Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндірушілер дереу өрт орнына шықты. Сағат 01:49-да өрт толығымен сөндірілді. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Оқиға орнына 14 адамнан тұратын ТЖД күштері мен құралдары және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 1930 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды.

Өрттің себебі – отты абайсыз пайдалану.

Өзгелердің жаңалығы