Таразда өндірістік инкубатор іске қосылды

Бөлісу:
Таразда өндірістік инкубатор іске қосылды
Фото: gov.kz

Тараз қаласында «Алель Агро» акционерлік қоғамы Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нысанның ашылу рәсіміне Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, кәсіпорынның құс шаруашылығына тың серпін беретіні атап өтті.

Жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға қауқарлы өндіріс орны 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ инкубаторға қажет шикізаттар компанияның өз өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Ал өнімдерді негізгі өткізу көздері – «Алель Агро» АҚ-ның меншігіндегі құс фабрикалары мен фермерлік қожалықтары.

Өзгелердің жаңалығы