Таразда "Омар ата" базары өртеніп жатыр

11 Наурыз 2024, 12:23
5140
Бөлісу:
Таразда "Омар ата" базары өртеніп жатыр
Фото: ТЖМ

Тараз қаласында "Омар ата" базарындағы өртті сөндіруге 40-қа жуық ТЖД қызметкері атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласы ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 11 наурызда сағат 08:56-да Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі № 3, "Омар ата" базарының аумағында қойма өртенді. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 350 ш.м. алаңды шарпыған. Өртті сөндіруге ТЖД 40-қа жуық қызметкері мен 13 арнайы техникасы жұмылдырылды. 

"Омар ата" базарындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардан басқа Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері мен психологтар жұмыс атқарып жатыр, - деді Тараз қаласы ТЖБ бастығы Ербол Әміров.

Өрттің себебі анықталуда. Сағат 10.05-те өрт оқшауланды. 

Өзгелердің жаңалығы