Таразда мектеп оқушысы босанды: күдікті ретінде өгей әкесі қамауға алынды

9 Ақпан 2025, 19:42
563
Бөлісу:
Таразда мектеп оқушысы босанды: күдікті ретінде өгей әкесі қамауға алынды

Таразда 16 жастағы мектеп оқушысы баласын дүниеге әкелді, бұл туралы облыстық перинаталды орталықтың дәрігерлері полицияға хабарлаған.

Тергеу барысында күдік қыздың 54 жастағы өгей әкесіне түскен, бірақ ол өзінің кінәсін мойындамаған. Алайда екі тәуелсіз зертханада жасалған ДНҚ сараптамасы оның баланың биологиялық әкесі екенін дәлелдеді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтап, қамауға алды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі (“Кәмелетке толмағанды зорлау”) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды, – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Бұған дейін Павлодарда 14 жастағы қыздың жүкті екені белгілі болды. Тергеу барысында оның өгей әкесі зорлау қылмысына күдікті ретінде қамауға алынған.

Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (“Он төрт жасқа толмаған баланы зорлау”) бойынша қарастырылуда.
 

Өзгелердің жаңалығы