30 мамыр мен 2 маусым аралығында Тараз қаласында маунтинбайктан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Турнир қатысушылары екі дисциплинада бақ сынайды: XCM – марафон және XCE – кросс-кантри іріктеу жарысы.
Жүлделер мен рейтингтік ұпайлар ересектер мен жасөспірімдер арасында сарапқа салынады, – деп жазылған хабарламада.