Таразда мұғалімдерден ақша талап еткен мектеп директоры қызметінен шеттетілді

26 Ақпан 2020, 04:48
2130
Бөлісу:
Таразда мұғалімдерден ақша талап еткен мектеп директоры қызметінен шеттетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда мұғалімдерден ақша талап еткен мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, мұғалім жұмысына қайта орналасты. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында баспасөз орталығы хабарлады.

 24 ақпанда Тараз қалалық білім бөліміне қарасты №43 орта мектеп мұғалімінің өтінішіне байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс комиссиясы құрылған болатын. Комиссия құрамына білім басқармасының, салалық кәсіподақ, үкіметтік емес ұйым өкілдері енген.

 Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының шешімімен К. Бөрімбекова №43 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі қызметіне қайта қабылданды, - делінген баспасөз орталығының хабарламасында.

Ал бүгін білім және ғылым министрі мектеп директорын жұмыстан шеттетуді тапсырды.

Білім басқармасы білім бөлімі жағынан тиісті шара уақытылы қабылданған жоқ. Қазіргі уақытта әзірге екі басшыға да уақытша ескертемін. Уақытылы жұмыс істеу керек еді. Біздің департаменттің басшысына да мен ауызша ескертпе айтамын. Уақытылы жұмыс істеу керек. Бүкіл республика көлемінде шу шыққаннан кейін комиссия тағайындағаннан не пайда? Тексеріс аяқталғанға дейін директорды жұмысынан шеттетуді тапсырамын, - деді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов атышулы оқиғаға байланысты.


Қазіргі кезде құзырлы органдардың қатысуымен аталған мәселе жан-жақты зерделенуде.

Ал қазір №43 мектеп директоры Э. Өмірбекова уақытша қызметінен босатылды. 

Тексеру іс-шаралары толық аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты шешім қабылданатын болады, - делінген баспасөз орталығының хабарламасында.
  

Сонымен қатар, аталмыш мектеп бүгінгі таңда қалыпты режимде жұмыс істеуде. Барлық сабақ кестеге сәйкес өтіп жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы