Таразда көпбалалы аналар ардақталды

3 Мамыр 2024, 08:37
532
Бөлісу:
Таразда көпбалалы аналар ардақталды
Фото: Тараз қаласы әкімідігінің баспасөз қызметі

Таразда көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков сөз алып, аналарға ақжарма тілегін жеткізді.

Тараз қаласының тұрғындарының саны да артып, 430 мыңға жуықтады. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйел адамзатының орны биік екенін айғақтайды. Елімізде көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болған емес. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір көрінісі, – деген Бақытжан Әмірбекұлы марапат иелеріне алқаларын табыстады.

Осы орайда айта кетерлігі, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2 753 көпбалалы ана «Алтын» және 2 516 ана «Күміс» алқамен марапатталған.

Ал бұл жолы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 27 қарашадағы №401 Жарлығы бойынша 11 көпбалалы анаға «Алтын», 44 анаға «Күміс» алқа табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы