Таразда «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталды

25 Қаңтар 2024, 07:59
479
Бөлісу:
Таразда «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталды
Фото: baq.kz

Жоба мақсаты – Тараз қаласы әкімдігі тарапынан тұрғындарға жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндік беру, бюджеттік процестің ашықтығын қамтамасыз ету деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейту мен дамытуға бағытталған.

Төмендегі көрсетілген критерийлерге сай келетін жобалық ұсыныстарын қала әкімінің https://www.gov.kz/ memleket/ entities/ zhambyl - taraz/ about?lang = ru электрондық ресми сайтына 2024 жылдың 25 қаңтарынан 10 наурызға дейін ұсына алады.
Ұсынылатын жобалар төмендегі критерийлерге сәйкес болуы қажет:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру, - деп жазылған мәліметте.

Аталған критерийлерге сай келетін жобалар қабылданып іріктелген соң Тараз қаласы үшін жобаның өзектілігі мен маңыздылығын анықтау үшін 2024 жылдың 5 - 24 сәуірі аралығында жобаның https://www.gov.kz/memleket/ entities/zhambyl-taraz/about?lang=ru сайтында тұрғындар тарапынан электрондық түрде дауысқа салынады.

Дауыс қорытындысымен ұсынылған материалдарды Сараптамалық кеңес 5 жұмыс күнінде зерделеп, мақұлданған өтінімдерді Тараз қаласы әкімдігінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне іске асыруға жолдайды.

Барлық қосымша ақпарат Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтында және қатысу бюджетінің https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl - taraz/ about?lang=ru сайтында жарияланады.

Біз салық түсімін өңірлердің өзіне бере бастадық. Бұл жұмысты жалғастыру қажет.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс. Осы айтылған мәселелерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Бюджет кодексін қабылдау қажет, – деген Мемлекет басшысы Жолдауда.

Осы орайда, мамандардың айтуынша, қала көркіне үлес қосқысы келетін тұрғындар саны жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, ұсынылған жобаларының маңыздылығы да ерекше екендігін айтады.

Айта кетейік, былтырғы «Халық қатысатын бюджет» жобасына 14 өтінім түскен. Сала мамандары қазір тұрғындардан 2023 жылы түскен өтінімдерді жүзеге асыру үшін жоспарлап қойған. Оның алғашқысы қазір іске асырылып та бастады. Қала халқының негізгі өтінімдері – көпқабатты аула алаңқайлары, пандус және балалар алаңын салу жобалары.

Өзгелердің жаңалығы