Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таразда газ қондырғысы орнатылған автокөліктегі өрт сөндірілді

1 Қазан 2025, 19:33
364
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін «112» пультіне "Ұлы дала" шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің жанында газбаллонды қондырғы орнатылған жеңіл автокөліктің жанып жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, өртті 10 минуттың ішінде толық сөндірді, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
 

Өзгелердің жаңалығы