Таразда есірткі қойып кетумен айналысқан қыз 15 жылға сотталуы мүмкін

13 Ақпан 2024, 21:50
646
Бөлісу:
Таразда есірткі қойып кетумен айналысқан қыз 15 жылға сотталуы мүмкін
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Таразда есірткі қойып кетумен айналысқан қыз 15 жылға сотталуы мүмкін,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Тараз полицейлері синтетикалық заттарды жасырын орындарға қойып кетіп жүр деген күдікпен 26 жастағы қызды ұстады. Оның жалдамалы пәтерінде тінту жүргізгудің нәтижесінде ірі кристалды ұнтақ заты бар 6 zip-пакет табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес күдіктіден 12,75 грамм мефедрон және 95,31 грамм альфа-РVP тәркіленді. Пәтерден таразылар мен қаптауға арналған әртүрлі заттар табылды.

26 жастағы қыздың айтуынша, ол есірткі бизнесі саласына қаржылық мәселелерге байланысты түскен. Бастапқыда ол өзі пайдалану үшін “синтетика” сатып алған. Содан кейін қаржылық қиындықтарға тап болған кезде жасырын орындарға есірткі қойып кетіп, қосымша ақша табуды шешкен.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 108,06 грамды құрады. Жеңіл пайда табу үшін қыз психотроптық заттарды байланыссыз сатуды ұйымдастыруға шешім қабылдаған. Схема қарапайым болды – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және арнайы жасырын орындағы тауар. Ол есірткінің ірі партиясын арнайы жасырын орындардан алып кетіп, содан кейін оларды бір дозаға шақтап өлшеп, буып-түйіп, одан әрі сатумен айналысқан. Күдікті қылмыстық топтың басқа өкілдерімен тек әлеуметтік желілер арқылы сөйлескен. Полицейлер қылмыстық әрекетке қатысы барларды анықтау бойынша жұмыс жасауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Өзгелердің жаңалығы