Қазақта «Ер қаруы – бес қару» деген сөз бар. Ол бес қаруға – садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар жатады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ертеде жалпыхалықтық мерекелерде қос алыптың сайысы өтіп, осы бес қару-жарақтың кейбір түрлері де пайдаланылған. Бабадан қалған бай дәстүрді жаңғырту, болашақ ұрпаққа нәсихаттау мақсатында Наурыз мерекесіне орай Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінде «Ер қаруы – бес қару» атты фестиваль өтті.
Әз-Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шара атадан қалған асыл мұраларды дәріптеуге бағытталды.
Садақ ату, кол күрес ұлттық ойындарға жалпы 6 команда қатысып, жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталды