Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таразда екі айлық сенбілікке 29000-нан аса адам қатысты

26 Сәуір 2025, 16:09
513
Бөлісу:

Тараз қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 ақпандағы №483 қаулысымен қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі көктемгі екі айлық жарияланып, қаулыға сәйкес штаб құрамы, іс-шаралар жоспары және кәсіпорындар мен мекемелерге, барлық бизнес өкілдеріне тазалайтын көшелері бекітілген.

Екі айлық аясында жалпы 9 сенбілік өтті. Сенбілік жұмыстарына 29000-нан астам адам қатысты. Екі айлық мезгілінде жоспарланған 15 шақырым арық жүйесі, 230 шақырымдай қала көшелері және 388 030 шаршы метр аумақты қамтитын саябақтар тазаланды. Сонымен қатар, Қарасу-2, Үшбұлак,Түйте, Қапал каналдары қоқыстан тазаланды.
Барлығы шамамен 1500 тоннаға жуық күл-қоқыс қала аумағынан шығарылды.

Жалпы биыл қаланы көгеріштендіру аясында 5000 тал егу жоспарланған болатын. Екі айлық кезінде 4000 тал отырғызылды. Қалған 1000-нан аса тал күз мезгілінде егілетін болады.

Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында «Қызыл-Абад» алқабына 10 000 тал егілді.

Алдағы уақытта қала аумағында сенбілік жұмыстары кестеге сай жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы