Таразда екі әйелді өлтірген күдікті қолға түсті

Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 Қараша 2024 2024, 11:16
 polisia.kz 10 Қараша 2024 2024, 11:16
10 Қараша 2024 2024, 11:16
693
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын ол сотталмаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Қайғылы оқиға болған жалдамалы тұрғын үйдің иесі жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияға көршілерден бұл пәтерге қатысты шағым түскен жоқ, – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Наверх