Таразда дәмхана өртенді

29 Шілде 2020, 01:28
1848
Бөлісу:
Таразда дәмхана өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының орталығында "Туркиш Донер" дәмханасы өртенді, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

28 шілдеде Тараз қаласының орталығына жақын Абай даңғылы бойындағы "Туркиш Донер" дәмханасы өртенді. Өрт дәмхананың шатырынан шыққан. Жалын жалпы ауданы 100 шаршы метрді шарпыған.

"101" нөміріне сағат 11:35-те хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері 6 минуттың ішінде оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген сәтте іште ешкім болмаған. Жамбыл облысы Полиция департаментінің сегіз қызметкері мен төрт техникасы өрт маңын қоршауға алды. Өрт сағат 12.01-де ауыздықталып, 12.09-да толық сөндірілді. Оған ТЖД жеке құрамының 19 қызметкері және 4 техника жұмылдырды, - делінген департаменттің хабарламасында.

Қазір өрттің қалай болғанын анықтау үшін жұмыстар жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы