Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін кешкі сағат 19.30-да Тараздағы «Қарасу 5» мөлтек ауданы 18 үйдің шатырында өрт шықты. Қазіргі таңда толығымен сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысының Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметіне 19.34-те қоңырау түсіп, 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмылдырылды.
"Қазіргі таңда 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42 балалар. Кешкі сағат 20.50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, қазіргі таңда толық бақылауға алынды. Жергілікті атқарушы органдардың дереу әрекет ету жұмыстарының нәтижесінде өрт шыққан үйдің тұрғындары жақын маңдағы екі мектепке көшірілуде. Тұрғындар ыстық тамақпен қамтылатын болады", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің маманы Нұрболат Сатымқұл.
Аталған оқиғаға байланысты жедел штаб тобы құрылып, тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.