Таразда автобус аялдамалары күніне екі рет дезинфекциялануда

26 Наурыз 2020, 09:44
1511
Бөлісу:
Таразда автобус аялдамалары күніне екі  рет дезинфекциялануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы барлық аялдамаларда күн сайын төрт мамандандырылған ұйым дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, деп жазады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бұл бойынша 42 адамнан тұратын 18 бригада құрылған десек, олар 12 бірлік техниканың көмегімен күніне екі рет 513 жолаушы көлігі аялдамасын дезинфекциялайды.

Жалпы, өңірде санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды күшейту бағытында 1154 нысан бойынша рейдтер жүргізілген. Оның 361-і қазіргі уақытта өз жұмысын тоқтатқан білім беру және спорт мекемелері.

Жұмыс істеп тұрған барлық кафе, мейрамхана қонақ үй, денсаулық сақтау ұйымдары, діни мекемелер, базарлар, сауда орталықтары мен дүкендерде дезинфекциялық іс-шаралар өткізіліп, түсіндіру ақпараты бар стендтер мен антисептиктер орнатылған.

Адамдар жаппай жиналатын соттар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, полиция бөлімдері, уақытша ұстау изоляторы және қабылдау-тарату орындарында залалсыздандыру шаралары атқарылған.

"Ауыл Береке",  "Орталық Базар", "Диана", "Қайқармет", "Жібек Жолы"  секілді ірі базарларында және "MART",  "Small" сауда кешендеріндгі  осы бағыттағы жұмыстарға  "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бесінші бригадасының 200-ге жуық жауынгері тартылған.

Тараз қаласындағы 10 дәріханада күн сайын 30 мың медициналық маскалар сатылуда. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен төрт мыңнан астам медициналық бетперде дайындалуып, көп балалы аналарға тегін таратылуда.

Осы секілді жұмыстар облыстың барлық аудандарында қолға алынған.

Өзгелердің жаңалығы