Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таразда 9-сынып оқушысы қайтыс болды

26 Қыркүйек 2025, 03:31
582
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Таразда мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға қыздың үйінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК-ға сілтеме жасап.

15 жастағы оқушы қаладағы №26 мектеп-гимназияда оқыған. Марқұмның тәртібіне ешқандай шағым болған жоқ дейді ұстаздары. Тіпті сабақ үлгерімі мен өзге балалармен қарым-қатынасы да жақсы болған. Сондықтан оқушының өмірден баз кешуіне не жағдай әсер еткені жұмбақ.

Қайғылы оқиғаның анық-қанығын тергеушілер анықтап жатыр. Білім басқармасы жанынан психологиялық қолдау тобы құрылып, қара жамылған отбасыға жан-жақты көмек көрсетуде.

23 қыркүйек күні Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін терең оқытатын мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы үйінде өзіне қол жұмсағаны анықталды, - дейді Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық психологиялық қолдау орталығынан жұмысшы тобы құрылды.

Өзгелердің жаңалығы