Таразда 269 отбасы баспаналы болды

25 Қараша 2019, 10:17
4090
Бөлісу:
Таразда 269 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында 269 жанұя "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспаналы болды, деп жазды Хабар24. 

Бағдарламаға қатысуға 900-ден астам адам өтініш берген, алайда төлем қабілеттігін олардың үштен бірі ғана дәлелдей алған. Баспана бағдарлама шарттарына сәйкес 19 жылға 2 процентпен беріледі. Қоныс тойын тойлаушылар қатарында көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылар бар.

Пәтерлер сондай-ақ, "7-20-25" бағдарламасы бойынша да берілуде. Бұл бағдарламамен 200-ден астам отбасы баспаналы болды. Пәтердің бір шаршы метрі 116 мың теңгеден.

Биылғы жылы 30 тамызда осы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 9 көппәтерлі тұрғын үйді ұсындық. Ол  ТҚЖБ арқылы сол екінші банктің салымшылары арасында таратылды. Қазіргі таңда 720 пәтердің ішінде 228 сатылды. Қалғаны құжаттарын рәсімдеуде, - деді тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Ералиев.
Сондай-ақ, баспанаға "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша да қол жеткізуге болады. Оның аясында биыл 9 көппәтерлі үй қолданысқа берілді.  

Өзгелердің жаңалығы