Таразда 22 жастағы ұлы өз анасын зорлаған

Таразда 41 жастағы әйел өзінің ұлына қатысты полицияға арыз түсіріп, зорлады деп айыптаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 - архив/ Арман Мухатов 12 Қыркүйек 2025 2025, 17:21
12 Қыркүйек 2025 2025, 17:21
3187
Фото: - архив/ Арман Мухатов

Таразда 41 жастағы әйел өзінің ұлына қатысты полицияға арыз түсіріп, зорлады деп айыптаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алайда Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жәбірленушінің күдіктіге кім болып келетінін нақтылаған жоқ. Тек қала полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігі "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп мәлім етті Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Наверх