Таразда 12 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

11 Мамыр 2023, 09:35
1081
Бөлісу:
Таразда 12 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

Тараз қаласының дәрігерлері 12 жасар қыздың асқазанынан 1 келіден артық шаш жиынтығын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл обыстық көпбейінді балалар ауруханасынының хирургия бөлімшесіне Тараз қаласының тұрғыны 12 жасар қыз балаға өте сирек кездесетін асқазанның бөгде заты - Безоар диагнозымен ота жасалды.

Қыздың анасының айтуы бойынша, соңғы 6-ай мерзімде жиі қайталанатын іштің ауруы, тәбетінің төмендеуі, салмақ жоғалту секілді аурулар мазалай берген соң, жергілікті емханадан гастроэнтерологтың кеңесін алып, арнайы ем-шараларын жүргізген. Нәтиже болмаған соң, Тараз қаласының ЖОКБА балалар хирургі мамандарына кеңес алуға жүгінкді, онда аурухана қабырғасында арнайы тексерулерлен өткен соң (УДЗ, құрсақ қуысының КТ, ФГДЭС) оның асқазанында бөгде заттың барлығы анықталып, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылады. 

Инструменталды және лабораториялық тексерулер нәтижелері толық дайын болған соң, білікті мамандардан құралған ота бригадасы - хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Салпагаров Эльбрус, ота бөлімшесінің меңгерушісі Дүйсебаев Қанат және анестезиолог Баялиев Бақтияр ота жасауға кіріседі. Оның барысында асқазаннан 1,2 кг жуық бөгде зат – Безоар (шаш жиынтығы) алынды. Ішкі ағзаларға зақым келтірмей, асқазан-ішек жолдарының бүтіндігін сақтап қалу үшін мамандардың біліктілігі маңызды рөл атқарды, - делінген хабарламада.

Бүгінде қызға отадан кейінгі кезеңдегі ем-шаралары жүргізілуде. Сәтті өткен отадан соң, жағдайы қалпына келді.

Таразда 12 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

Анасының айтуынша, қыздың кішкентайынан шашын, жүннен жасалған бұйымдарды жұтып қоятын әдеті болған.

Асқазан-ішек жолдарының трихобезоары - өте сирек кездесетін патология, сол себепті бұл - қазіргі абдоминальды хирургиядағы өте өзекті мәселелелрдің бірі болып табылады. Асқазанның безоарлары - ауыр және өмірге қауіп төндіретін асқынулар тудыруы мүмкіндігін біліп жүру қажет.

Ата-анаға берілетін кеңестер:

Балаларының патологиялық мінез-құлық реакцияларына ерекше назар аударуы өте маңызды және жоғарыда аталған әдеттер болған жағдайда, уақыт создырмай арнайы мамандарға - психологтарға (психотерапевттерге), невропатологтарға, гастроэнтерологтарға хабарласуы қажет.

Өзгелердің жаңалығы