Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті

Бүгiн, 13:27
281
Бөлісу:
Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Таразда 10 жасар қырағы бала полиция қызметкерлеріне ауыр қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан шақырту түскен. Әйел үйдің жанында белгісіз адам күйеуіне пышақ жарақатын салғанын хабарлаған.

Ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тергеу іс - шаралары барысында қылмыстың куәгері – жақын жерде ойнап жүрген 10 жасар баланы анықтады. Ол полицейлерге күдіктінің киімі, келбеті, қайда қашқаны туралы маңызды ақпаратты нақтылап айтып берді, - делінген ақпаратта.

Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Тараз қаласы полиция басқармасының басшылығы балаға ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс хат табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы