Тараз қаласы Байзақ ауданының тұрғынынан есірткінің үлкен партиясы тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіншше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, Байзақ ауданында 28 жастағы тұрғынды есірткі заттарын сату мақсатында дайындап, сақтады деген күдікпен ұстады.
Оның тұрғылықты жерін тінту барысында Тэя атты қызметтік ит ішінде өткір иісті жасыл түсті өсімдік тектес заты бар қапшықты табуға көмектесті.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 13 келі 60 г кептірілген марихуана болып табылады.
Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда, - деп атап өтті ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. Асқар Жұмабеков.