Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бес адамнан тұратын топты анықтап, ұстады.
Қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні елде болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде белгісіз тұлғалар қаланың шағын аудандарының біріндегі ұялы телефондар сататын дүкенге кіріп, жалпы құны 188,5 мың теңге көлеміндегі ұялы телефондар мен смарт-сағаттарды жасырын түрде ұрлап кеткен, - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық бұзушыларға екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза қарастырылған.