Маңғыстау облысында цементке мықтап орнатылған орындықтар тұтас бетон қабатымен бірге жұлынып, өзге орынға көшірілген. Сондай орындықтарда адамдар демалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қоғамдық орыннан табылуға тиіс мүлік бір сәтте көшпелі "технологияға" айналған.
Маңғыстау облысында белгісіз біреулер орындықтарды астындағы цементімен қоса жұлып алып, өзге жерге апарып қойған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда сол орындықтарда адамдардың отырғаны, демалғандары көрінеді.
Бұл жағдай жұртты таңдандырмай қоймады. Желі қолданушылары мұны әжуаға айналдырып, түрлі пікір жазуда.
"Аяқтары жерге тимей, өздерін керемет сезінсін деп каблукпен қойған ғой", "Туфли киіп алған ба?", "Жағдай осындай, орындықтар жүретін болып кеткен ба?", - деп жазуда желі қолданушылары.
Орындықтардың нақты қай жерден алынғаны және оларды көшірген адамдардың кім екені әзірге белгісіз.
Бұл әрекеттің заңдылығы мен жауаптылардың жауапкершілігі туралы да жергілікті әкімдік әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін қалақтың орнына тәпішке қолданған қостанайлық жұмысшылар туралы видео тараған.