Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі бүгін "Барлық" пен "Алтын Орда" базарлары жанында орналасқан Райымбек даңғылы бойындағы блок-бекеттің жұмысымен танысып шықты.
Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев өзінің Іnstagram парақшасында жазды.22 наурыздың түнінен бастап қалаға кіру мен шығу толығымен шектеледі. Кезекшіліктегі барлық қызметтер, соның ішінде әскери қызметкерлер, дәрігерлер, санэпидемиологтар мен полицейлер барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Ауру белгілері бар адамдарды анықтайтын мобильді оқшаулағыш орнатылды, - деді ол.Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қалаға айналма жол арқылы кіріп-шығуға тырысқандардың әрекеті заңсыз екенін айтты.
Қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеңіздер. Полицияға қаланың барлық периметрі бойынша бақылауды күшейту тапсырылды. Азық-түлікті блок-бекет арқылы жеткізу мәселесі тұрақталды. Жүк көліктерінің кіруі үшін "жасыл дәліз" ұйымдастырылды. Тұрақтандыру қорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамсыз ету үшін қала бюджетінен қосымша 5 млрд теңге бөлінді. Тапшылық болмайды, - деп жазды ол.