Танзанияда Марбург вирусынан 8 адам көз жұмды

Кеше, 19:29
179
Бөлісу:
Танзанияда Марбург вирусынан 8 адам көз жұмды

Танзанияда Марбург безгегі қауіп төндіріп тұр. Тағы ондаған тұрғын дертті жұқтырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, вирусқа шалдыққандардың көбі – Кагера аймағының тұрғындары. Науқастардың басы мен арқасы қатты ауырып, дене қызуы көтеріліп, лоқсып, іштері ауырған. Көршілес Конго мен Угандаға да қауіп төніп тұр. 

Марбург жарқанаттан жұғады, бауыр, асқазан-ішек жолы және орталық жүйке жүйесін зақымдайды, – дейді мамандар. 

Бұл аурудан 2005 жылы Англияда 329 адам қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы