Танзанияда автобус пен ағаш таситын жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, 28 адам қаза тапты

Жол апатынан кейін жолаушылар автобусы толығымен өртеніп кеткен.

 istockphoto.com 10 Қазан 2026, 20:55
10 Қазан 2026, 20:55
247
Фото: istockphoto.com

Морогоро қаласының өрт сөндіру-құтқару қызметі басшысының міндетін атқарушы Джозеф Мвасабеджаның айтуынша, апат бейсенбіге қараған түні Морогоро – Дар-эс-Салам тасжолындағы Мкамбарани елді мекенінде болған.

Синьхуа агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, ағаш таситын жүк көлігі Дар-эс-Саламнан елдің оңтүстігіндегі Мбея қаласына қарай бет алған жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Соқтығысудан кейін автобус өртеніп, толығымен жанып кеткен.

Дж. Мвасабеджа апатқа жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі екенін айтты. Оның жеке басы әзірге анықталған жоқ. Мвасабеджаның түсіндіруінше, жүргізуші қауіпсіздік шараларын сақтамай, басып озуға әрекет жасаған. Соның салдарынан екі көлік бетпе-бет соқтығысқан. 

Наверх