Танымал тұлғалар да өз таңдауларын жасады

20 Қараша 2022, 10:51
1556
Бөлісу:
Танымал тұлғалар да өз таңдауларын жасады
PHOTO

Қазақстанға танымал кәсіпкер де, әншілер де өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Токиодағы қазақ елшілігінде дауыс берді. Осылайша ол әлем бойынша ең бірінші дауыс бергендердің бірі болғанын айтады. 

«Бұл біздің азаматтық борышымызды өтейтін күн. Дауыс беру-біздің елімізге қосқан үлесіміз. Референдум кезінде Франция қаласында дауыс берсем, осы сайлауда Жапониядағы елшілікте дауыс беру бұййырған екен. Баршаңызды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамын»,-дейді ол.

Танымал тұлғалар да өз таңдауларын жасады

 Сондай-ақ әлем бойынша шетелде дауыс берген азаматтардың арасында мобилограф Қыран Талапбек те бар.

Әлемнің шығысында орналасқан Токио қаласында еліміздің болашағы үшін дауыс бердік. Әлем бойынша дауыс берген Қазақстандықтардың қатарынан болғаныма қуаныштымын. Елшілікте дауыс беру үшін 100-ге жуық азамат күтілуде,-деп жазады ол. 

Танымал тұлғалар да өз таңдауларын жасады

Елордадағы сайлау учаскелеріне барып, дауыс берген өнер адамдары да бар. Олардың ішінде халық әртісі Роза Рымбаева мен ұлы Әли Оқапов та бар.

Біз өзімізге лайықты көшбасшыны таңдау үстіндеміз. Мен өз елімнің азаматы ретінде бүгін өз таңдауымды жасап,өз кандидатыма дауыс бердім. Сайлауға қатысуда әрбір азаматтың дауысы маңызды. Себебі, бүгін ел болашағы анықталмақ,-деді Роза Рымбаева.

Ал, әнші Луина да кезекті сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасағанын айтады.

Мен Қазақстан азаматы ретінде өз таңдауымды жасауға келдім. Менің таңдауыммен көптеген адамдар келіседі деп ойлаймын. Әрине, мұнда тұратын әрбір Қазақстан азаматы сайлауға келіп, дауыс беруі керек деп санаймын. Бұл өте жауапты қадам және мұнда еліміздің болашағы сізге де байланысты екенін түсінесіз,-дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы