Танымал ақын ұлына ерекше есім қойды

10 Ақпан 2024, 18:55
88261
Бөлісу:
Танымал ақын ұлына ерекше есім қойды

“Асыл Домбыра” тележобасының жеңімпазы Мұрадым Мирлановтың ұлына ASSYLTAS қоғамдық қоры тай сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тай сыйлау салтанаты бүгін Орал қаласында өтті.

Мұрадым Мирланов асыл домбыраны иеленген күні қос қуаныш орын алған болатын. Дүниеге шекесі торсықтай ұл келіп, мерейі асқақтаған ақын ұлының есімін қоғамдық қор құрметіне Асылтас қойған еді.

“Асыл домбыра” тележобасы өткен жылдың қыркүйегінен желтоқсан айына дейін ұласқан болатын. Еліміздің әр түкпірінен 60 ақын қатысқан айтулы бәйгеде БҚО ақындары – Мұрадым Мирланов, Жансая Мусина және Бауыржан Ширмеденұлы оза шауып, бас жүлдені иеленді.

Өзгелердің жаңалығы