Тамызғыш қақпағын жұтып қойып, екі күн бойы жүрген сәби ауруханадан бір-ақ шықты

14 Қазан 2019, 16:20
6318
Бөлісу:
Тамызғыш қақпағын жұтып қойып, екі күн бойы жүрген сәби ауруханадан бір-ақ шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда дәрігерлер тамызғыштың қақпағын жұтып қойған 1 жасар сәбиді аман алып қалды.

Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бір жасар сәби шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. 

Дәрігерлердің айтуынша, бала тамаққа шашалып, сол түннен қызуы көтеріле бастаған. 

"Екі күн өткен соң науқастың жағдайы нашарлап, №2 облыстық ауруханаға жатқызылған. Тексеріс кезінде дәрігерлер асқазанда пластмассадан жасалған тамызғыштың қақпағының барын анықтады. Арнайы отадан кейін сәби қарқынды түрде ем шараларын қабылдады. Қазіргі таңда бала үйіне шығарылып, толық қалпына келді", - делінген хабарламада. 

Ведомствоның мәліметінше, бір жасар сәбидің ата-анасының дәрігерлерге алғысы шексіз. Бүгінде баланың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
 

Өзгелердің жаңалығы