Шағын ауданда магистральдық су құбыры және кәріз желілерін салу бағдарламасы аясында диаметрі 400 мм болатын су құбыры салынды.
1 тамыздан бастап Алматыдағы «Ақжар» шағын ауданына жаңа су құбыры тартылып, ауыз су беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31 шілдеде жалпы ұзындығы 3,4 км жаңа құбырды сығымдауды аяқтау жоспарланған, бұл сәтті болған жағдайда Наурызбай ауданы "Ақжар" шағын ауданындағы жаңа су құбыры тармағы мен сорғы станциясы жұмыс істейді. Осы шағын ауданда тұратын 22 мыңнан астам тұрғын жер асты көздерінен үздіксіз сумен жабдықтауға қол жеткізе алады, – делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Диаметрі 400 мм су құбыры «Ақжар» шағын ауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерін салу бағдарламасы аясында салынды. Жобада барлығы 28,8 км инженерлік желі салу көзделген, қазір жұмыс аяқталып келеді.