Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Өздеріңіз білесіздер, біз ай сайын коронавирус бойынша болжамды жаңартып отырамыз. Жақын арадағы 3 айда пессимистік сценарий бойынша тәулігіне ең көп 4000 науқас тіркеледі. Ал реалистік сценарий бойынша – тәулігіне 2400 жағдайға дейін, оптимистік сценарий бойынша – күніне 1000 жағдайға дейін анықталады деп күтілуде, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр биыл медициналық көмекке жүгінгендер саны артқанына тоқталды.
Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша жедел медициналық көмек қызметін шақыру саны 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,7%-ға артқанын . Бұл ретте коронавирусқа күдігі бар пациенттерге жедел медициналық көмектің шақырылуы 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,7 есеге азайған. Яғни 2022 жылғы 1 қаңтар-12 шілде аралығында 49 161 шақыруды құрады, - деді Ажар Ғиният.