Тамызда екі елге әуе рейсі қайта ашылады

28 Шілде 2020, 16:48
2298
Бөлісу:
Тамызда екі елге әуе рейсі қайта ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруын ескере отырып, қазір бірқатар елмен әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелері қарастырылып жатыр. Тамыз айында Таиланд пен Грузия рейстердің ашылуы жоспарлануда, - деді ол. 

Рыспеков айтып өткендей, шығу туризмі бойынша 20 маусымнан бастап Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық әуе қатынасы ашылған болатын. 

2020 жылғы 20 маусым мен 4 шілде аралығында 622 қазақстандық турист туркомпаниялардың қызметін пайдаланып Түркияда демалуға мүмкіндік алды. Осылайша, шығу туризмі саласындағы компаниялар демалушылар алдындағы міндеттерін орындауды бастады. Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Түркияға рейстер уақытша тоқтатылды, - деді ол.
Бұған дейін демалушылар үшін Алакөл мен Бурабайға бару рұқсат етілгені белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы