Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тамақты тез жеу семіздікке әкелуі мүмкін

Әсел ӘБІЛБЕК
25 Қыркүйек 2025, 10:03
1347
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Тамақты қандай өнімдермен емес, қандай жылдамдықпен жейтініңіз де денсаулыққа әсер етеді. Ғалымдар тым тез тамақтанудың артық жеп қоюға, ас қорыту мәселелеріне және семіздікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тамақты тым тез жеу қауіпті. Мамандардың айтуынша, тамақты баяу жеп, әр сәтті сезіне білу денсаулыққа да, көңілге де пайдалы.

Қай жылдамдық тым жылдам саналады?

Егер сіз әдетте таңғы ас, түскі немесе кешкі асты 20–30 минуттан аз уақыт ішінде жеп үлгерсеңіз тым тез тамақтанасыз деген сөз.

Кливленд клиникасының мінез-құлық денсаулығы орталығының маманы Лесли Хайнбергтің айтуынша, асқазанға миға тойғанын хабарлау үшін шамамен 20 минут қажет.

Неліктен қауіпті?

Жылдам тамақтанатын адамдар артық ауаны жұтып қояды. Бұл кебуге немесе ас қорыту мәселесіне әкеледі. Сонымен қатар тамақты дұрыс шайнамау ас қорыту процесін бұзады, ағза қажетті дәрумендерді толық қабылдай алмайды. Тіпті шайналмаған бөлшектер өңешке тұрып қалуы мүмкін. Тез тамақтанатын адамдардың семіздікке шалдығу қаупі жоғары, ал асықпай тамақтанатындарда мұндай қауіп аз.

Тамақты қалай баяулатуға болады?

Ең алдымен, теледидарды өшіріп, телефонды шетке қойыңыз.

Теледидар көріп отырып тамақтанған адамдар көбіне жарнама басталғанда немесе бағдарлама біткенде ғана тоқтайды. Бұл кезде ағзаның қашан тойғанын байқамай қалады, – дейді Хайнберг.

Ұлыбританиядағы ZOE компаниясының бас ғылыми қызметкері Сара Берри тағамның дәмі мен құрылымына мән беруге кеңес береді.

Біз тамаққа толық зейін қоймағандықтан, тамақты жылдамырақ жеп, қанша жегенімізді аңғармай қаламыз, – дейді ол.

Британдық клиникалық психолог Хелен Маккартидің айтуынша, тамақты көбірек шайнау – тамақтануды баяулатудың ең қарапайым әдісі.

Өзгелердің жаңалығы