Талғат Ешенқұлов Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

16 Тамыз 2022, 12:43
1344
Бөлісу:
Талғат Ешенқұлов Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып  тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында туған. 

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мемлекеттік басқарудың Ұлттық мектебінде магистратурада, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында докторантурада оқыған.

Еңбек жолын 1997 жылы аға бухгалтер қызметінен бастаған.

2000-2007 жылдары Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облысының Әділет басқармасында және Әділет департаментінде жұмыс істеді.

2007-2011 жылдары  Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарды.

2011-2016 жылдары  Жоғарғы Сотының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді.

2016-2018 жылдары –  БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 

2018 жылғы наурыздан қыркүйекке дейін Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары – БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы,  Білім және ғылым вице-министрі.

2020 жылдан 2021 жылға дейін БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2021 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры болып жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы