Бұл туралы Талғар ауданында жасалған қылмыстың тергелу жағдайына арналған баспасөз конференциясында Алматы облысының прокуроры Берік Адамов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір 10 адам күдікті ретінде ұсталды. Ал 2 адам тергеу орбитасында. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді ол.
Сондай-ақ ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Аисовтың айтуынша, ұсталғандар арасында бұрын қылмыс жасағандар да бар.
Қылмыстық іс бойынша ұсталған күдіктілердің ішінде бұрын қылмыстық іспен өткен адамдар да бар. Сотталғандар да бар. Қылмыстарының түрлері бұзақылық, - деді Самат Аисов.
Айта кетейік, бұған дейін оқиғаның толық видеосы жарияланған еді.
Бұған дейін марқұм Шерзат Болаттың өртеніп кеткен үйінен айғақ заттар табылғанын хабарладық. Алматы облысының прокуроры Берік Адамов прокуратура Шерзаттың өліміне қатысты соттың ашық өтуіне өтініш беретінін атап өтті.