Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары туристке көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Талғар ауданындағы "Сол Талғар" шатқалында туристік маршрутпен жүріп келе жатқан 6 Ресей Федерациясының азаматтарынан тұратын топтың басшысы - 1968 жылы туған әйел өзін жаман сезініп әрі қарай жол жүре алмаған, - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен зардап шегушіні 1 сүйемелдеушімен таудан түсіріп, оны Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.
Қалған қонақтар маршруттарын жалғастырды.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.