Талғарда интернетпен басқарылатын жылыжай ашылды

29 Қазан 2021, 11:14
969
Бөлісу:
Талғарда интернетпен басқарылатын жылыжай ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Талғар қаласында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен ерекше жылыжай ашылды. Бұл туралы Jetisý Media хабарлады.

Оның ерекшелігі сол, жылыжай «ақылды» технологиямен жұмыс істейді. Яғни, көкөніс пен жеміс-жидектің өсімі интернет арқылы басқарылады. 

Жаңа жылыжай Қазақстан мен Корея Республикасының өзара ынтымақтастығының жемісі. Корея елінің ауыл шаруашылығы министрлігі Талғар жерінде жылыжай ашуға қызығушылық білдіріп, оның құрылысына 2,5 млн доллар қаржы құйған. 

Жылыжайда Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері тәжірибе жинақтап, білімін арттыратын болады.

1,5 гектар жерді алатын жылыжайда қойбүлдірген, қызанақ пен қияр өсіріледі. Мамандар жылына 400-500 тоннаға дейін өнім аламыз деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы