Талғарда 20 жастағы қыз із-түссіз жоғалып, оны жарты айдан бері таба алмай жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Волонтерлер LIDER.KZ парақшасында Сабина Нұрбекқызы Уәлиева (2006 жылы туған) 14 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын мәлімдеді. Қыз Абай көшесі, 75А үйдің маңынан шығып кеткен.
Сыртқы белгілері:
Бойы: 150-155 см
Арық денелі
Шашы қара, қысқа
Көздері қоңыр
Киімі:
Қара капюшоны бар күртке (етегі ақ, гүлді өрнектері бар)
Сұр джинсы
Ақ кроссовка
Қолында рюкзак болған
Қыз туралы қандай да бір ақпарат білетіндерге LIDER.KZ еріктілеріне хабарласу сұралады.